Gap year - оқушының мектеп пен ЖОО арасындағы бір жыл бос уақыты. Оқушылар бұл уақытты өздерінің жеке тұлғалық дамуына, тек өздері қалайтын қызығушылықтарына, хоббилеріне, шағын немесе үлкен саяхатқа, волонтёрствомен айналысуға, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға, жалпы өмірге деген мақсаттарын айқындауға арналған жыл деп біледі. Бұл жасөспірімдерде тапшы нәрсе болып тұр. Мектептегі өзіңе керек емес пәндерді оқу, одан кейін кешке дейін сол сабақтардан берген үй жұмысын жасау, үй тірлігіне араласу одан бөлек уақыт қалып жатса (оған күмәнім бар), телефон қарау.