Бұл жоғары оқу орнына түсіп, студенттік өмірді бастағанда қажет болатын негізгі өмірлік дағдыларға үйрететін ақпарат көздерінің тізімі.
Тізімге қосылмаған тағы да басқа маңызды дағдылар бар, бірақ мұның өзі негіз ретінде жеткілікті деп ойлаймын.
Егер студенттік өмірге қиналмай аяқ басып, толыққанды өткізгің келсе, тізімдегі дағдылармен танысып, өзің білмейтін дағдыларды үйренуге тырыс.
• Тұрмыстық дағдылар
Шүмекті (кран) жөндеу — https://youtu.be/cALg4_6ZMVg
Пышақты қайрау (оңай әдісі) — https://youtu.be/RL51eVJqXOQ
Киім-кешекті қолмен жуу — https://vk.cc/9F1m8S
Киімге түскен дақты кетіру — https://youtu.be/Fogn93AT1Wg
Жейдені үтіктеу — https://vk.cc/9F1ou3
Шалбарды үтіктеу — https://vk.cc/9F1wVk
Қаражатты үнемдеу — https://youtu.be/iy-IjhprtEQ
• Аспаздық дағдылар
Жұмыртқа қуыру — https://youtu.be/mpLPMSiKPIA
Табада макарон қуыру — https://youtu.be/6C-tr91vGiE
Күрішті қайнату — https://youtu.be/EUgjLUGZomk
Пюре дайындау — https://youtu.be/2bGOopmLtk4
Сонымен қатар, қалтаңда қаражатың аз болып, бірақ тойымды тамақ дайындағың келсе, мына парақшадағы рецепттерді қара: «Выжить на сотку» — https://vk.com/public152160690
• Медициналық дағдылар
Қан ағуды тоқтату — https://vk.cc/9F1QDE
Адам түйіліп, қақалып қалған жағдайда көмек беру — https://youtu.be/mojnDIPpymo
Ұйқы сапасын жақсарту — https://youtu.be/tfayVbtVGgs
• Әлеуметтік дағдылар
Сын пікірді қабылдай білу — https://youtu.be/ztqjMaoepbA
Көзқарасты дұрыс жеткізу — https://youtu.be/HVE254wM43E
Жағымсыз қарым-қатынастарды бұзу — https://youtu.be/2XraF7lk09c
Дұрыс дауласа білу, конфликтті шешу — https://youtu.be/uot3kusfcfM
Тізімдегі дағдылар кейбіріңе тым оңай көрінері анық, бірақ көптеген адамдар тіпті осы өмірге қажетті негізгі дағдыларды білмей жатып студенттік өмірге аяқ басып жатады, кейін ертерек үйренбегендіктен, біраз қиналады, сондықтан түсіністікпен қараңдар.
Жазбаны жоғалтып алмас үшін қабырғаңа сақтап қой.