Календарь өзім жасағам дизайн Самат ағай алғыс білдіремін осы календарь шығарып алып күнде сызып отыр сәттілік😊😊 ҰБТ-ҒА ДАЙЫНСЫҢ БА? Сен қыркүйектен бері «Әне дайындаламын, міне 100%-ға дайындаламын» деп ойладың. ҰБТ-ға күш жұмсамай-ақ дайындалуға болады деп ойладың. Қазір нағыз дайындалатын кез келді, бірақ, өкінішке орай, сен дайындыққа әлі де 100% күшіңді сала қойған жоқсың. Неліктен? Сен жағдайдың қаншалықты қатерлі екендігін сезе қоймадың! Менің кеңесіме құлақ түр: 1. Қағаз күнтізбені ал. Телефондағы күнтізбе емес, қолмен ұстауға болатын нағыз күнтізбе. Тіпті осы постқа файлды бекітіп қойдым. Ыңғайлы болсын деп күндерді қыркүйектен бастап ҰБТ болатын күндерге дейін жаздық. Соны принтерден шығарып ал. 2. 1 қыркүйектен бастап күндерді бір-бірден өшір. Міне, сен қыркүйек күндерін өшіріп тастадың…қазан...қараша...желтоқсан...жаңа жыл...қаңтардың 12-і. 3. Сен өшіріп тастаған күндер мен ҰБТ-ға дейін қалған күндер санын салыстыр. Ішіңде бір түрлі сезім байқалды ма? Басыңа қандай ойлар келді? «Аз-ақ уақыт қалды ғой», «Қап, дайын емеспін, не істесем болады екен?», «бұл ҰБТ тезірек өтсе екен, демала алмайтын болдым ғой бұл тестпен». Сен ҰБТ тапсыратын күннің жақындауын дұрыстап сезініп ал. Сенде 5 айдан сәл асатын ғана уақытың бар. Соның ішінде 8 наурызың, 22 наурызың, соларға деген дайындығың, Ұландар күні, Жеңіс күні, соларға деген дайындығың, соңғы қоңырау, сары/алтын/күміс/фиолетовый деген ленталарды сынып болып 2 апта спорласып таңдауың, вальсты дайындауың, аттестация, выпускнойға көйлек дайындауың. Сенің назарың қайда болса, сен де сол жердесің. Мектептегі оқушылардың ажиотаждары саған да әсер ететіні сөзсіз. Сол себепті, шын мәнінде жоғарғыларды алып тастасақ, таза САПАЛЫ дайындығыңа 3-ақ айдай уақытың қалады. Жоғарыдағы сөздерім жайлы ойлан. Сезін. Иә, бұл қорқынышты, бұл – стресс. Алайда, осы жағдайда сен үшін өте үлкен мүмкіндік бар! Стресс ағзада «күресу немесе қашу» реакциясын тудырады, жай жағдайда біздің ішімізде ұйықтап жатқан күшті оятады. Стрестің 2 түрі бар – эустресс және дистресс. Күресуге көмектесетіні сол эустресс. Ал дистресс болса сені масқара болып қауіп көзінен қашуға мәжбүрлейді. ҰБТ-дан қашып құтыла алмайтын сияқтысың. Демек, сенде жалғыз жағдай қалды – бұл стресті өз пайдаңа асырып, плантациялардағы құлдар сияқты таңңан кешке дейін бар күшіңді салып жұмыс істеу. Дайындалғанда «ооооой, қашан аяқталады бұл бәле» демей, «жақын арада ҰБТ-ны тапсырып кімнің кім екенін көрсетпесем!» деген ойда болсаң, тіпті керемет! Мектепте не үшін 11 жыл жүрдің, бар-жоғы 100 ұпайдан асыра алмасаң?! Осы 11 жыл бойы базарда жұмыс істемедің бе? Экономикалық жағынан пайдасы көбірек болар еді, төмен ұпай алып ата-анаңды ұялтқанша. Мен өзімнің стресімді дұрыс қолдана білдім. Физикадан мен небары 3 күн дайындалдым. Бірақ дайындалғанда мен таңнан түнгі 2-3-ке дейін есеп шығардым! «Мен де соңғы 3 күнде дайындалып үлгеремін» деп ойламай-ақ қой. Үлгермейсің! ДӘЛ ҚАЗІР БАСТА! 5 айлық дайындық 3 күндік дайындықтан әлдеқайда жақсы. Егер сол дайындығың сапалы түрде өткенін қаласаң, қаңтар айында өтетін нейрокурстарға жазылуыңа бүгін соңғы мүмкіндігің бар. Төмендегі сілтеме бойынша курстар жайлы оқи аласың: https://vk.com/wall-102420613_130369 Ал төлемді мына сілтеме бойынша жазылған инструкцияға қарап жасай аласың: https://vk.com/ubt_akademiyasy?w=page-102420613_50047368

Теги других блогов: календарь ҰБТ дайындалу