📜 Мектеп және одан кейінгі өмір жайлы ойлар
Көпшілігімізге жақын уақытта келешек мамандығымызды (нақтырақ, университет/колледж) таңдау күтіп тұр. Егер cен қазір 16-17-де болсаң және болашақта қандай іспен айналысқың келетінін нақты білсең, мен сені құттықтаймын, себебі сендейлер некен-саяқ, оған қоса күмән бейнетін көру төніп тұрған жоқ. Ал егер мен секілді қандай университет таңдарыңды білмей, филолог пен мұғалімнің арасында "сеңделіп" жүрсең, менің бұл тақырыпқа қатысты пікірім саған келешекке сенімсіздікпен қарау қалыпты екенін жеткізеді деген ойдамын.
Азғантай менің хикаям. Мен ең қарапайым орта мектептің 11 сыныбында оқимын. Менің ортам 90% өзім секілді болашақ түлектерден тұрады. Олардың көбісі қайда оқуға баратынын нақты анықтаған жоқ. Өзіміздің 16-17 жасар кезімізде біз ересек өмір туралы азғантай ғана хабарымыз бар және бізді тура мағынада таңдау жасауға мәжбүрлеуде. Бірақ егер дәрігерлік туралы бар білетінім тек поликлиникаға кіріп шыққаным және теледидардан шамалы көргенім ғана болса, өмірімді дәрігерлікке қалай арнамақпын?
Сендерге қобалжуды басатын бірнеше кеңес бермекпін. Бірінші – ешқашан бұл таңдауын біржолата деген ойды таста. Кез келген жағдайда, өз мамандығың бойынша жұмыс істемей-ақ та, жеткілікті еңбекақы табуға болады. Сонымен қатар университеттің қай курсында болмасын, өзің қалаған мамандыққа ауысуға кеш емес, бастысы батылдық таныту керек.
Екінші: мектептегі негізгі пәндерден басқа өзіңе ұнайтын іс тап та, соны шыңда. Мысалы, сен филологияға түсуге дайындалып жүрсің, оған қоса саған торт пісірген ұнайды. Бұл хобби, бірінші кезекте, сені оқу рутинасынан көңіліңді бөледі, екінші кезекте, келешекте сол арқылы пайда табуың мүмкін.
Ең бастысы, өз жүрек қалауыңды тыңда. Егер сен суретшілік өнермен айналысқың келсе, ал ата-анаң "баланың ісі" десе де, өз дегеніңнен қайтпа. Кез келген жағдайда, бұл алдағы өміріңе қажет болуы мүмкін баға жетпес әрі қызықты тәжірибе. Университетте сен елдің түкпір-түкпірінен білім іздеп келген әр түрлі адамдармен жаңа қарым-қатынас орнатасың, ал кейбіреуі сенің өмірлік досың болып кетуі мүмкін.
Ештеңеден қорықпаңдар және өздеріңе сеніңдер. Назарларыңа рахмет, бәріңе ҰБТ-да сәттілік тілеймін!